«Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 305 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 17022 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
«Пайдалы қазбаның атауы» деген жол алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
«Пайдалы қазбаның атауы» деген жол алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Б. Атамкулов |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 2021 жылғы
16 маусымдағы № 305 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 384 бұйрығына 7-қосымша
нысан
____________________________
____________________________