Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/158 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4478 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 24 тамыздағы
№ 13/158 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 31 наурыздағы
№2/18 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 2 тармағының 12-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;