«Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 103 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында:
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авиациялық оқиға (апат немесе авария) болған күн, уақыт, жіктемесі, авиациялық оқиға ауданы;»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авиациялық оқиға болған күн, уақыт, жіктемесі;»;
125-тармақ алып тасталсын;
134-тармақ алып тасталсын;
Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиациялық оқиға мән-жайы (күні, апта күні, тәулік уақыты, жерүсті оқиғасының уақыты (Астана/Гринвич бойынша), метеорологиялық жағдай). Тергеп-тексеру барысында жерүсті оқиғасының себебіне негіз болған қандай мән-жай анықталды. Жерүсті оқиғасына қатысы бар адамдардың әрекеті. Әуе кемесі және қоршаған орта үшін салдары.».
Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша 2-тармағының 19-тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;