«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1184 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап өз қолданасын тоқтатты
мынадай мазмұндағы 171-3-тармақпен толықтырылсын:
«171-3. Онкологиялық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау саласындағы объектілерді салу үшін 431 «Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау» шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша мердігерлік ұйым жасалған шартта көзделген авансты тиісті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстарына ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 60 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.»;
172-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: