ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫFЫ
2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан əрі - Қазақстан Республикасының Конституциясы) мəтіні «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» мерзімді баспа басылымдарында жариялансын.
2. 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне сақтауға тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Президентінде сақталады деп белгіленсін.
4. Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының мəтінін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама жəне құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауына:
1) «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы;
2) «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілетіні айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтың 5-тармағында көзделген заңнамалық актілердің жобаларын əзірлеуді жəне Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауына:
1) «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы;
2) «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілетіні айқындалсын.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 7 сəуірге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекітсін.
10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 17 наурыз
№ 1206