Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттерді беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 59 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 50 бірлескен бұйрығы
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖҰЖ 20-тармағын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың 2025 жылғы 5 қаңтардағы 21-01/01-102-1//658 20-т тапсырмасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда тауарлық кредиттер беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері және Жол картасын орындауға жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері жыл сайын 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын Жол картасының орындалуы туралы хабардар етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2025 жылғы 21 ақпандағы № 59 және
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2025 жылғы 21 ақпандағы № 50
бірлескен бұйрығына
қосымша
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттерді беру тетігін іске асыру жөніндегі
ЖОЛ КАРТАСЫ