Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-163/2020 бұйрығы
(2024.30.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.16.07. № 56 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.16.07. № 56 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.16.07. № 56 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес отырған темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескерту бекітілсін.
2. «Темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11538 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;