Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚО...

Информация о документе
Датавторник, 30 марта 2021
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 30 марта 2021

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 30 наурыздағы

№ 175 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом