Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 122 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 64-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы | А. Бейспеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы