Введите номер документа
Прайс-лист

«Жылу электр станцияларындағы 20 %-дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына 2-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 6 января 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 20 мая 2017
Дата последнего изменениявоскресенье, 16 марта 2025

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

2 қосымша

 

 

Жылу электр станцияларындағы 20 %-дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Жылу электр станцияларындағы 20 %-дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Әдістеме жағылатын көмірдің сапасына, қазандықтардың бу өнімділігіне және шаң дайындайтын қондырғылардың өнімділігіне байланысты газ-мазуттық отын шығысын анықтауға арналған.

3. Әдістемеге енбей қалған, соның ішінде шетелдік өндірушілердің энергетикалық қазандықтары мен блоктарының типтеріне арналған дайындаушы зауыттың техникалық паспорттары мен пайдалану жөніндегі нұсқауларына сәйкес есептеулерді пайдалану ұсынылды.

4. Газ-мазуттық отынның минималды шығысы қазандықтарды жағуға және блоктарды іске қосуға, негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысында түрлі ауытқулар болған кезде технологиялық қажеттіліктерге, белгіленген жүктеме кестесін қамтамасыз ету үшін сапасы төмен көмір жағу кезінде жылудың жетіспеген мөлшерінің орнын толтыруға жұмсалатын шығындардан құралады.

5. Қазандықтың бу өнімділігін шектеу кезінде сұйық қождың шығуын қамтамасыз ету үшін оттықтағы температураны арттыру көзделеді (сұйық қожды әкету қазандықтары үшін).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами