Ғылыми тағылымдаманы іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 260 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімі;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптамалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үміткер Комиссия құрамына кіру үшін жоғарыда көрсетілген өлшемшарттың біреуіне немесе оданда көбіне сай болуы қажет.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комиссия мүшелері үміткерлермен жасырын жеке әңгімелесу жүргізу арқылы алдын ала іріктеу өткізеді.
Комиссияның кемінде 5 мүшеден тұратын тақ сандағы Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесуді осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген даярлық деңгейлерін айқындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, интернет арқылы онлайн форматта немесе оффлайн форматта жүргізеді.»;