Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 21/12 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 21/12 қаулысына қосымша
| № п/п | Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі |
| 1 | 2 |
| 1. | Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50, Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |