Введите номер документа
Прайс-лист

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығы (2025.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 27 ноября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 22 ноября 2025

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығы

(2025.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.27.04. № 242 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.01.04. № 175 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.15.09. № 367 бұйрығымен (2025 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.27.04. № 242 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А. Смағұлов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң, күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом