Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды биометриялық сәйкестендіру құралдарын, үздіксіз биометриялық аутентификацияны және қашықтықтан прокторингті пайдалана отырып, онлайн форматта тапсыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 18 қарашадағы № 871 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 19 қарашадағы № 677/НҚ бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдар үшін «Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды өткізуді онлайн форматта енгізу» пилоттық жобасын (бұдан әрі - Пилоттық жоба) іске қосу.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмін және онлайн тестілеуге қосылу бойынша нұсқаулықты қосымшаға сәйкес бекіту.
3. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҰАТ» АҚ):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте «цифрлық үкіметтің» сенімді инфрақұрылымында онлайн тестілеу қызметін ақылы негізде іске қосуды;
2) онлайн тестілеу қызметінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын, кешенді қашықтықтан прокторингті, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, емтихан сұрақтарын автоматтандырылған кездейсоқ (кездейсоқ) құрастыру құралдарын, сондай-ақ тестілеу нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу, қалыптастыру және бағалау құралдарын пайдалануды;
3) онлайн тестілеу қызметінің Пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимылын және олардың үздіксіз жұмыс істеуін;