Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 Қаулысы
(2019.11.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | C. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2019.11.02. № 51 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1275 қаулысымен
бекітілген
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі - Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды (бұдан әрі - рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.
2. Рұқсаттамалар беру тәртібі
2. Жеке тұлға рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта өтініш береді.
3. Жеке және заңды тұлғалар шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне веб-портал арқылы электронды форматта мынадай құжаттарды ұсынады: