Введите номер документа
Прайс-лист

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығы (2025.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 24 июля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 11 августа 2023
Дата последнего изменениясуббота, 4 октября 2025

Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығы

(2025.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.10.09. № 673 және ҚР Әділет министрінің 2025.18.09. № 509 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 83-6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 135-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары;

2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом