Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту және «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 168 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 148-бабының 5-тармағына, 155-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламалары бекітілсін.
2. «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11714 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: