Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
М. Әбілқасымова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 15 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-18 бұйрықпен бекітілген
Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер