Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 17/01 «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 90/01 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 17/01 «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6249 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 3- қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 90/01 қаулысына 1-қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2021 жылғы 11 наурыздағы
№ 17/01 қаулысына 1-қосымша
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік
субсидиялар көлемдері
| Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
| Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | | |
| 1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | |
| 1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 120 563 | 1 205 630 |
| 1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 191 | 302 865 |