«Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 1201 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ «сүт және сүт өнімдеріне,» деген сөздерден кейін «сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-7-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
5-тармақтың 54) тармақшасы алып тасталсын;
37-тармақ алып тасталсын;
51-тармақтың екінші бөлігінде «Сүт консервілерін, құрғақ» деген сөздер «Құрғақ» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 282-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
2-тармақтың екінші бөлігінде:
«консервісі» деген сөз алып тасталсын;