«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 607 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 тамыздағы
№ 607 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі - сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы