Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1033 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 20 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 20 декабря 2022
Дата последнего изменениявторник, 20 декабря 2022

«Кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1033 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1 және 3-тармақтарына, 187-бабының 2-тармағына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік қатысу үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом