«Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығына өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 11-1-4/210 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-1-4/698 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Сирек кездесетін шет тілдер тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: