Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі