Марқакөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты 2025 жылғы 5 маусымдағы № 23/11-VIII шешімі
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Марқакөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Марқакөл ауданы бойнша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күненен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы | М. Калелов |
Марқакөл ауданы мәслихатының
2025 жылғы 5 маусымдағы
№ 23/11-VIII шешіміне
қосымша
Марқакөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
| 1 | Үйлер: жайлы | 1 тұрғын | 2,70 |
| жайлыемес | 2,70 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 2,70 |
| 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,48 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,57 |