Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 446 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-1-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 446 бұйрығымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер