«Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 187 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 857 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 93-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 187 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 177 қаулысымен
бекітілген
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың,
шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың
тізбесі
Халықаралық ұйымдар
1. Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ)
2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО)
3. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы
4. Дүниежүзілік пошта одағы
5. Дүниежүзілік туристік ұйым
6. Дүниежүзілік тағы табиғат қоры (WWF)