«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 808 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат - кеңейтілген міндеттемелерді өндірушілердің (импорттаушылардың) орындағанын растайтын, ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кәдеге жарату төлемін оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) енгізеді, оларға:
Кодекстің 388-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен шарт жасасқан және қарсы талаптары бар өндірушілер;
кәдеге жарату төлемінің мөлшерін есептеу коэффициенті 0 деп айқындалған электр қозғалтқышы бар автокөлік құралдарын өндірушілер (импорттаушылар) кірмейді.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) үшін - кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алған кезден бастап;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: