Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 118-бабының төртінші бөлігіне, 221-бабының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидалары бекітілсін.
2. «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 1017 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 474-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1291 қаулысымен
бекітілген
Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық
істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы
ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою,
есепке алу, сақтау, беру және жою
қағидалары
1. Жалпы ережелер