Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | А. Гетманов |
| Степногорск қалалық мәслихат хатшысының міндетің атқарушы | О. Джагпаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласының әкімдігі
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/4 шешіміне
қосымша
Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Степногорск қаласында тұратындарға ұсынылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган - «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.