Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы
(2022.02.02. берілген өзгерістермен)
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 154
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 154 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы
дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін уәкілетті органға материалдарды ұсыну тәртібі