Радиоактивті қалдықтарға нормативтер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 200 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 372-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Радиоактивті қалдықтарға нормативтер белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Н. Ногаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 16 маусымдағы
№ 200 бұйрығымен
бекітілген
Радиоактивті қалдықтарға нормативтер
1. Осы Радиоактивті қалдықтарға нормативтер (бұдан әрі — Нормативтер) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 372-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтарды (бұдан әрі - РАҚ) сақтау және көму жөніндегі нормативтерді белгілейді.