Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 427 бұйрығы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі | А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 427 бұйрығымен бекітілген
Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 12-тармағына сәйкес әзірленді және әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.
3. Әкімшінің біліктілігін арттыру әкімші ретінде ол өз функцияларын орындау үшін қажетті кәсіби білімдері мен машықтарын дамыту және кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Біліктілігін арттыру тәртібі
4. Әкімші үш жылда бір рет біліктілігін арттырады.