Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 141-ө өкімі

Информация о документе
Датапонедельник, 23 августа 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 23 августа 2021
Дата последнего измененияпонедельник, 23 августа 2021

Қазақстан Республикасының «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 141-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе, заңдар) бекітілсін.

2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша) 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдарды іске асыру мақсатында ішкі құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы 2021 жылғы 13 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін;

3) осы өкімнің 2-тармағын іске асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы 2022 жылғы 28 ақпанға дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом