Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 31 қазандағы № 221 шешімі
ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 146 801 421,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 102 235 678,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 970 954 мың теңге;
трансферттер түсімі - 41 666 885 мың теңге;
2) шығындар - 177 446 740,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 344 321 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 868 670 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 31 147 701,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 31 147 701,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 21 692 849 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 779 045 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 16 233 897,5 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімдегі 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімдегі 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2024 жылғы 31 қазандағы
№ 221 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2023 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 109 шешіміне 1 қосымша