Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 165-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 165-НҚ бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35951 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) суару үшін су беру;».