Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығы
(2023.11.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.24.05. № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.24.05. № 78 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 11 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.01.12. № 347 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.01.12. № 114 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.28.01. № 18 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.28.01. № 11 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.01.12. № 347 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.01.12. № 114 бірлескен бұйрығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.24.05. № 128 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.24.05. № 78 бірлескен бұйрығымен (2023 ж. 11 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;