Жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған график-жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 426 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған график-жоспары (бұдан әрі - график-жоспар) бекітілсін.
2. График-жоспарды орындауға жауапты жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) график-жоспарды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне график-жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне график-жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 маусымдағы
№ 426 қаулысымен
бекітілген