Введите номер документа
Прайс-лист

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы (2024.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасреда, 5 апреля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 10 апреля 2023
Дата последнего изменениячетверг, 26 декабря 2024

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы

(2024.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарының 2-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 төрағасы

 

 

Д. Жазыкбаев

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2023.30.11. № 231 бұйрығымен үлгілік біліктілік талаптары жаңа редакцияда (2023 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігі төрағасы

2023 жылғы 5 сәуірдегі

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом