Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 9 бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Оралов |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9 бұйрығымен бекітілген
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі
қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер