Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 шешімі
(2025.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025.30.05. № 175 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тобыл кенті және Бейімбет Майлин ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025.30.05. № 175 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары схемаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бейімбет Майлин аудан маслихатының төрағасы | Д. Мартин |
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025.30.05. № 175 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 8 шешіміне
1-қосымша
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025.30.05. № 175 шешімімен 2-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 8 шешіміне
2-қосымша
Бейімбет Майлин ауданының елді мекендері жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025.30.05. № 175 шешімімен 3-қосымшамен толықтырылды (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)