Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкімі
(2023.28.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 11 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014.18.09. № 14 өкімімен (бұр.ред.қара); 2019.27.06. № 18 өкімімен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабын іске асыру мақсатында:
1. Қоса берілген Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
| Адам құқықтары жөніндегі уәкiл | А. Шәкіров |
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 22 өкімімен
бекітілген
Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы
жинақталған баяндаманы дайындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер