Введите номер документа
Прайс-лист

«Қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпарат жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 67 Қаулысы (2025.09.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 1 октября 2022
Дата последнего изменениявторник, 9 сентября 2025

Қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпарат жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 67 Қаулысы

(2025.09.09. берілген өзгерістермен)

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпарат жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

Агенттігінің Төрағасы

 

 

М. Абылкасымова

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом