Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТ САРАПШЫСЫ БІЛІКТІЛІГІН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ...

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 30 марта 2017

Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлкеттік тіркеудін өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

2017 жылғы 30 наурыздағы

№ 333 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы

 Ереже

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі Комиссияның қызметін анықтайды.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

1) сот сарапшысы біліктілігін беру;

2) мәжілістің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом