«Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 56 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 56 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік
материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер