Введите номер документа
Прайс-лист

«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ? Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 124-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 26 мая 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 9 июня 2020
Дата последнего изменениявторник, 26 мая 2020

 «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 124-НҚ бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсан № 440-441 (27259-27260) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом