Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУАРАТЫН СУДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ...

Информация о документе
Датачетверг, 29 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 29 мая 2025

Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Суаратын суды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Су ресурстары және ирригация

министрінің м.а.

 

 

Е. Ибрайханов

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрінің м.а.

2025 жылғы 29 мамырдағы

№ 101-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Суаратын суды пайдалану

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Суаратын суды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) әзірленді және суару суын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

1) суды пайдалану жоспары - суармалы егіс алқаптарының құрылымын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимдерін және ирригациялық желілердің техникалық сипаттамаларын ескере отырып, су тұтынушыларға суармалы су беру көлемін, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжат;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом