«Түгендеу карточкасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 484 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 1024 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Түгендеу карточкасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
түгендеу карточкасының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 5 қазандағы
№ 1024 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 484 бұйрығымен
бекітілген
Нысан