Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIІI «Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/217-VIII шешімі
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIІI шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | Ш. Байбеков |
Абай облысы мәслихатының
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 32/217-VIII шешімімен
бекітілген
Абай облысы мәслихатының
2024 жылғы 26 қыркүйектегі
№19/131-VIII шешімімен
бекітілген
Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
| № п/п | Аурудың (жағдайдың) атауы | Азаматтар санаты | Дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды немесе арнайы емдік өнімдерді тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағымының ауырлығы) | Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар |
| 1 | Идиопатиялық (бастапқы) өкпе гипертензиясы | Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Мацитентан Риоцигуат Селексипаг |