Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 150 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жумангарин |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрінің
2026 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 150 бұйрығымен бекітілген
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер